ІХ қысқы Азия ойындары-2025: 7 ақпандағы жарыс нәтижесі.
Азия ойындарындағы қазақ спортшыларының бүгінгі нәтижелері қандай?
Фото: olympic.kz
287
оқылды

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Харбиндегі спортшылардың бүгінгі нәтижелерімен бөлісті, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Шорт-трек (ерлер мен әйелдер)

Шорт-тректен әйелдер арасындағы Қазақстан ұлттық құрамасының спортшылары 1500 метр қашықтықта жартылай финалға шықты. Ольга Тихонова ширек финалда бірінші орынмен, Алина Ажғалиева мен Мадина Жанбусинова үшінші орынмен жартылай финалға жолдама алды. Жартылай финалдық жарыстар 8 ақпанда өтеді.

Денис Никиша, Глеб Ивченко және Әділ Ғалиахметов 1500 метр қашықтықта жартылай финалға шықты. Жартылай финалдық жарыстар 8 ақпанда өтеді.

Зейнеп Құмарқан, Яна Хан және Малика Ермек іріктеуден сәтті өтті. Олар енді 8 ақпанда ширек финалда сынға түседі. Абзал Ажғалиев, Денис Никиша және Мерсаид Жақсыбаев ширек финалға жолдама алды. Ширек финалдық жарыстар 8 ақпанда өтеді.

Шорт-тректен 1000 метр қашықтықта Ольга Тихонова мен Малика Ермек, Алина Ажғалиева ширек финалға шықты. 1/4 сайыстары 9 ақпанға жоспарланған. Әділ Ғалиахметов, Глеб Ивченко және Айбек Насен іріктеуде сәтті өнер көрсетіп, ширек финалға шықты.

Қазақстан құрамасы 2000 метрлік аралас эстафетаның финалына жолдама алды. Финал 8 ақпанда өтеді.

Шайбалы хоккей (ерлер)

Қазақстан құрамасы Тайбэй хоккейшілерін 17:0 есебімен жеңді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.