Баланың шашын филология ғылымдарының кандидаты Салтанат Әйбергенова қиды.
«Ғалым болсын»: Роза Әлқожа немересін қырқынан шығарды
Фото: instagram.com/roza_alqozha
1,346
оқылды

Немересі Әбдірахманды қырқынан шығарған танымал әнші Роза Әлқожа қуанышты жаңалығын бөлісті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

 

Жақында Роза Әлқожаның 22 жастағы ұлы Бейбарыс мен келіні Әсем балалы болып, әнші алғаш әже атанған еді.

 

Енді бүгін сол Әбдірахман немересін қырқынан шығарып жатыр, сәбидің шашын қию құрметі Салтанат Әйбергеноваға бұйырды. 

«Бөпемізді кіші қырқынан шығарып, Салтанат апасындай ғалым болсын деп ырымдап шашын алғыздық. Әбдірахманның әжесінің бұл күндегі әуресі өзіне ұнап жүр. Бесігіміз тербетіле берсін! Келеріміз де, барарымыз да көп болсын!» – деп жазды әнші. 

Роза Әлқожаның жанкүйерлері болса жазба астында ізгі тілектерін жаудырып жатыр.

«Бауы берік болсын!», «Құтты болсын!», «Дені сау, өмірі ұзақ болсын», – деп жазады оқырмандары. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.