Енді Қазақстанда сәуірден бастап мопедтерді пайдалану үшін оны тіркеп, арнайы құжаттар рәсімдеу қажет.
5 сәуірден бастап мопед ресми түрде көлікке теңестіріледі, қандай құжаттар рәсімдеу керек?
Фото: istockphoto.com
333
оқылды

2025 жылғы 5 сәуірден бастап мопедтер ресми түрде механикалық көлік болып саналады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Астана қаласының әкімдігіне сілтеме жасап.

Енді мопедтерді пайдалану үшін бірқатар құжат болуы қажет.

2025 жылдың 5 сәуірінен бастап мопедтерді пайдалану үшін полицияда тіркелу, А1, А немесе В санатындағы жүргізуші куәлігі, техникалық байқаудан өту және азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру полисі қажет болады.

Тіркелу үшін Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына құжаттармен, яғни жеке куәлік, техникалық құжаттама немесе мопедтің техникалық сипаттамасын алып бару қажет. Одан кейін өтініш толтырып, мопедті тексеруден өткізген соң қажетті мемлекеттік бажды төлеу керек.

2025 жылдың 5 сәуірінен бастап тіркелмеген мопедтерді жүргізуге және A1, A немесе B санаттары бойынша жүргізуші куәлігінсіз жүруге болмайды.

Мұндай қиындықтарға тап болмас үшін мопедті алдын ала тіркеп, жүргізуші куәлігін алу қажет.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.