Ұлттық банктің 7 ақпанға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 515,31 теңге.
Қор нарығында доллар үшінші күн қатарынан арзандады
Фото: istockphoto.com
367
оқылды

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 3,88 теңгеге арзандады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 511,18 теңге.

Ұлттық банктің 7 ақпанға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 515,31 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,30 теңге. Еуро — 533,96.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 512 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 514 теңге. Еуро 531 — 536 теңге аралығында құбылып тұр.