Мәжіліс Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.
Мәжіліс бірқатар халықаралық келісімді қарайды
302
оқылды

Депутаттарға Біріккен Ұлттар Ұйымы­ның бөлуді бақылау жө­ніндегі күштеріне (UNDOF) ресурс ұсынатын Қазақстан Респуб­ликасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы өзара түсініс­тік туралы меморандумды ратификациялау туралы заң жо­басын талқылау ұсынылады.

2024 жылғы 14 ақпанда Нью-Йоркте жасалған Меморандум Қазақстанның ұлттық контингентін БҰҰ-ның Голан шыңдарындағы бітімгерлік миссиясына жіберуге байланысты әкімшілік, логис­тикалық және қаржылық шарттарды белгілейді. Келісім Меморан­думды толықтырып, БҰҰ тарапынан Қазақстан Үкіметіне бітім­герлік миссияға қатысатын қазақстандық контингентке қажетті пер­сонал, негізгі жабдықтар мен өзін-өзі қам­тамасыз ету құрал­дарын ұсынғаны үшін төлем жасау тәртібін анықтайды.

Сондай-ақ Мәжілістің жалпы оты­рысында Тәуелсіз Мемле­кеттер Достасты­ғына қатысушы мемлекеттердің сыбайлас жемқор­лыққа қарсы іс-қимылдағы ынты­мақ­тастығы туралы келісімді ратифика­циялау туралы заң жобасы қаралатын бо­лады. 

Құжатта ынтымақтастықтың негізгі бағыттары мен нысандары, оның ішінде сыбайлас жемқорлықтан түскен кірістерді іздеу және қайтару, сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған адамдарды ұстау және ұстап беру, сондай-ақ өзге де іс-шаралар ай­қындалады.

Сонымен қатар Мәжіліс бәсекелестік мәселелері жөніндегі жаңа заң жобасын жұмысқа қабылдайтын болады.