Шорт-тректен спортшыларымыз үздік үштікке кірді.
Қысқы Азия ойындарында еліміз алғашқы жүлдесін қанжығаға байлады
Фото: ҰОК
254
оқылды

Қазақстандық спортшылар Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында аралас эстафетада күміс медаль жеңіп алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

 

Шешуші жарыста еліміздің намысын Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов, Яна Хан және Малика Ермек қорғады.

 

Бұл сайыста Оңтүстік Корея құрамасы жеңімпаз атанса, Жапония үздік үштікті түйіндеді.

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.