Ол тек қытайлық Гао Тиньююға жол берді.
Тағы бір күміс: Евгений Кошкин елімізге конькимен жүгіруден жүлде сыйлады
Фото: ҰОК
360
оқылды

Конькимен жүгіруші Евгений Кошкин Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында күміс жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды Aikyn.kz.  

 

Спортшы 100 метр қашықтықта екінші нәтиже көрсетті. Ол тек қытайлық Гао Тиньююға жол берді. Үздік үштікті оңтүстіккореялық Джун Хо Ким түйіндеді.

 

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының еншісінде қазір екі күміс жүлде бар. Бұған дейін Қазақстан құрамасы  шорт-тректен аралас эстафетада екінші орын алған болатын.


Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» 
Telegram арнасынан таба аласыз.