Ресей азаматы Эльза Солтаева қазір қауіпсіз жерде екенін хабарлады.
«Дін аманмын»: Шешенстандағы күйеуі мен туғандарынан қашқан қыз мәлімдеме жасады
2,899
оқылды

Бейнеүндеуді ресейлік құқық қорғаушы Светлана Анохина Instagram–дағы парақшасында жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

«Мен үшін уайымдаған, қолдау білдірген барша жандарға үлкен алғыс білдіремін. Қазір мен қауіпсіз жердемін. Уайымдамаңыздар. Көріп тұрғандарыңыздай, мен дін аманмын», – деді Солтаева. 

24 жастағы Ресей азаматы Эльза Солтаева ұзақ жылдар бойы өзінің әкесінен, кейін күйеуінен қорлық көріп келген. 

 

Туған-туыстарынан Қазақстанға қашқан қызды 3 ақпан күні Атырау облысының полицейлері ұстайды. 

 

Полиция департаменті хабарлауынша, тәртіп сақшылары оның Шешенстандағы туыстарынан жоғалғаны туралы хабар алғаннан кейін әйелді қамауға алған.

 

«Азаматтың аты-жөні анықталып, Мақат аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Оның үйден өз еркімен шығып кеткені анықталды. Одан түсіндірме хат алынып, кейін босатылды», – деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.