Түрлі дене жарақатын алған жолаушы ауруханаға жеткізілді.
4 адам қаза тапты: Алматы-Өскемен тасжолында жантүршігерлік апат болды
Фото: Видеодан кадр
806
оқылды

Алматы-Өскемен тасжолында 8 ақпан күні адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Жетісу облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, Audi жүргізушісі рульге ие бола алмай, көлік жол жиегіндегі ағашқа соғылған. 

Салдарынан жүргізуші мен үш жолаушы оқиға орнында көз жұмды, түрлі дене жарақатын алған тағы бір жолаушы ауруханаға жеткізілді.

Қазір аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.