Құрылыс жұмыстарына 1,2 миллиард теңге бөлінген.
«Құрылысты бітермесеңдер, әңгіме басқаша болады»: Бектенов Қосшыда төрт жылда салынып бітпеген өрт сөндіру бекеті мердігерлеріне ескерту жасады
Фото: Ақорда
3,200
оқылды

Премьер-Министр Олжас Бектенов Ақмола облысына іссапары барысында Қосшы қаласының даму қарқынымен танысты, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ақмола облысының Қосшы қаласында республикалық бюджет есебінен салынуы тиіс өрт сөндіру бекетінің құрылысы 2021 жылы басталған. Жоспар бойынша нысан төрт шығу жолымен жабдықталуы керек.

Алайда қазір құрылыстың тек 60 пайызы ғана аяқталған. Осыған байланысты Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмысты белгіленген мерзімде аяқтап, бекетті пайдалануға беру жөнінде нақты тапсырма берді. 

Ол жобаның уақытылы аяқталмауы жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салып: «Егер аяқтамасаң, әңгіме басқаша болады», деп қатаң ескерту жасады.