Тойда орындалған әнді жұлдыз өзі үшін жазған.
«Бауыр» деп соққан жүрегіңізден айналдым»: Жұлдызай бауырымен ән шырқап, жұртты тәнті етті
4,393
оқылды

Жұлдызай Дүйсенбиева бауыры Ғанимен бірге ән шырқап, жұртты таңғалдырды, деп хабарлайды Aikyn.kz. 

«Барша бауырларға арналған ән, қабыл алыңыздар! «Ғани ән айта ма?», «шапанын тігіп жүре бермей ме?» деп сөкпеңіздер! Өзіміз үшін жазылған ән еді», – деп жазды әртіс.

Айтуынша, екеуі әнді алғаш ел алдында орындаған. Жазба астында бауырлардың сыйластығына тәнті болғандар пікір білдіріп жатты.

«Бауыр» деп соққан жүрегіңізден айналдым», «Жігітке жеті өнер де аз», «Қандай керемет», «Түсінген адамға керемет ән», – деп жазды оқырмандары.