QAZAQ AIR әуекомпаниясы барлық бағыттарға 15% жеңілдікпен билет сатып алуға болатын 2 күндік акция жариялады, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
«Тек 8 және 9 ақпанда QAZAQ AIR сайты арқылы барлық бағыттар бойынша (субсидияланатын рейстерден басқа) билеттерді 15% жеңілдікпен сатып алуға болады. Жол жүру мерзімі: 2025 жылдың 8 ақпанынан 25 қазанына дейін. Акция тек компанияның ресми сайтында сатып алынған билеттерге қолданылады», – делінген тасымалдаушының баспасөз қызметі хабарламасында.
Сонымен қатар әуекомпаниясы ақпан айының соңына дейін барлық бағыттарда спорттық құрал-жабдықтарды (шаңғы, сноуборд, коньки) тегін тасымалдау акциясын өткізіп жатқанын еске салды.
Қосымша ақпаратты +7 727 3561414 байланыс орталығынан немесе компанияның сайтынан алуға болады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.