Ерқанат Садуханов Қарауыл ауылындағы мектеп-гимназия-интернатында биология пәнінен сабақ береді.
Абай облысындағы ауыл мұғалімі әлемдік жұлдыздарға ән жазады
Видеодан скриншот
2,226
оқылды

Абай облысындағы ауыл мұғалімі әлемдік жұлдыздарға ән жазады, – деп хабарлайды Аikyn.kz

24.kz телеарнасы тілшісінің мәліметінше, Ерқанат Садуханов Қарауыл ауылындағы мектеп-гимназия-интернатында биология пәнінен сабақ береді. «Ерахолик» атымен танымал  битмейкер жақында танымал әнші Ники Минаждың «Pink Friday 2» делюкс-альбомына саунд-продюсер болды. Әлемдік жұлдыздарға ән жазып жүрген ауыл мұғалімі жергілікті жастарды шығармашылыққа баулып жүр.

Ерқанат бүгінге дейін Dua Lipa және Blackpink тобының мүшесі Lisa сияқты әлемдік жұлдыздармен жұмыс істеген. Енді ол Ники Минаждың тыңдармандарына ерекше жаңалық дайындап жатыр. Битмейкер ауылда жүріп-ақ халықаралық деңгейде жұмыс істеуге болатынын айтады.