Құтқарушылар 11 баланы қар құрсауынан алып шықты, – деп хабарлайды Аikyn.kz
ТЖМ мәліметінше, бүгін Қостанай облысы Амантоғай ауылынан 20 шақырым жерде облыстық маңызы бар «Әулиекөл-Жолдама» тасжолында жарысқа бара жатқан балалары бар екі автобус қар құрсауында қалды.
ТЖМ қызметкерлері автобустан жақын маңдағы Амантоғай ауылындағы жылыту пунктіне 13 адамды, оның ішінде 11 баланы эвакуациялады.
Құтқарушылар 14 адам бар екі автобус пен 7 жеңіл көлікті жолдың тазартылған учаскесіне сүйреп шығарды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз