Қазақстанда қатерлі ісікті анықтайтын жаңа әдіс енгізілді, – деп хабарлайды Аikyn.kz
"Қазақстан" телеарнасының мәліметінше, Семейдегі Ядролық медицина және онкология орталығында аталық безі обырын ерте анықтайтын радиофармпрепараттар сыналды.
Бұл әдіс дамыған елдерде кеңінен қолданылып, ісікті дәл анықтауға мүмкіндік береді. Ресей мен Беларусь ғалымдары отандық дәрігерлерге шеберлік сабағын өткізіп, препаратты қолдануды үйретті.