ТЖМ азаматтарға қыс мезгілінде жүру кезінде сақтық шараларын сақтауға шақырады.
Ұлытау құтқарушылары қар құрсауында қалған тұрғынға көмекке барды
Видеодан скриншот
724
оқылды

Ұлытау облысы Сәтбаев қаласынан 40 шақырым жерде қар құрсауында қалған жол талғамайтын көліктің жүргізушісіне құтқарушылар көмек қолын созды, – деп хабарлайды Аikyn.kz

ТЖМ жедел-құтқару жасағының құтқарушылары оқиға орнына жедел келіп, жолды қардан тазартып, автокөлікті жолдың тазартылған учаскесіне итеріп шығарды. Жүргізушіге медициналық көмек қажет болған жоқ.

ТЖМ азаматтарға қыс мезгілінде жүру кезінде сақтық шараларын сақтау және жолдардағы ықтимал қолайсыз жағдайларға дайын болу қажеттігін ескертеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз