Бұл істе судья тек ақшаны жеткізуші болған.
Ақша курьері болған: жақында ұсталған Ақсу судьясының ісіне қатысты тың деректер пайда болды
Фото: gov.kz
3,672
оқылды

Ақсу аудандық сотының судьясы Нұрлан Шаймерденов жарты миллион теңгемен ұсталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

«Тергеу деректеріне сәйкес, бұл қаражат Талдықорған қалалық сотының судьясына 106-бап бойынша қаралып жатқан іс бойынша «қажетті» шешім шығаруы үшін жеткізілуі тиіс болған. Алайда құқық қорғау органдары «сәлемдеменің» жолын кесіп, Шаймерденовті қылмыс үстінде ұстады», – делінген HALYQSTAN Telegram-арнасындағы жазбада. 

Тергеу жалғасып жатыр, басты сұрақ – «ақшаны кім жіберді?» және «судья бұл қызметке өз еркімен келісті ме, әлде біреудің мүддесі үшін әрекет етті ме?». Оқиғаның мән-жайы тергеу нәтижесі шыққаннан кейін анықталады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.