Жұлдыз Әбдікәрімова өзінің парақшасында үлкен бір арманын айтып, ойын бөлісті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
«Тұрақты оқырманымнан, жақындарымнан жасырмайтын үлкен бір арманым бар.
Кеудемде жаным барда, жүректе арман барда, ой мен санам тұнық кезінде ұстанатын бағытым бар. Ол еліміздің барлық өңірлеріндегі театр саласына өз деңгейімде үлес қосу.
Ондағы мақсатым:
Облыс, аудан, аймақ, ауыл сахналарында өнер көрсету арқылы, сол мекендегі сала проблемаларына жауаптылардың назарын аударту;
Алматы, Астана секілді үлкен қалалардағы қойылымдарды көруге мүмкіндік ала бермейтін аймақтық ағайынға ойлы қойылымдар ұсыну.
Иә, «Жалғыздың үні шықпас!» – дерсіз?
Бірақ біз болмасақ, кім жасайды? Қазір болмаса, қашан?» – деп жазады әртіс.
Арман қуып Жұлдыз ұлылардың мекені Шығыс Қазақстан облысына табан тіреді.
«ШҚО драма және оперетта театрының» режиссері Асыл Қозықанов хабарласып, шақырту ұсынғанда бірден келістім. Біріншіден, бұл менім ұстанымыма, жоспарыма сай еді. Екіншіден, менің сүйікті жазушым Шыңғыс Айтматовтың «Шынарым менің, шырайлым менің» повесті сахналанғалы жатты», – деп жаңалығын бөлісті ол.