Журналист Рашит Ілиясов қазақстандықтардың көбісі жеткілікті уақыт ұйықтамайтындарын айтып, видеосын бөлісті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
«Алматы қаласындағы сауда орталықтарының бірінде төсектер қойылды: қалалықтар мызғып алу мүмкіндігін пайдаланып, рақаттанып ұйықтап жатыр.
Ұйқы жетіспеушілігі қалада жұмыс істейтіндер арасында жиі кездеседі. Статистика бойынша, қазақстандықтар белгіленген 8-9 сағаттың тек 6,5 сағатын ұйқыда өткізеді, ал жол апаттарының 30%-ы жүргізушілердің шаршағанынан болады екен», – деді журналист.
Оның айтуынша, күндізгі ұйқы – ағзаның қарапайым қажеттілігі, мәселен, Жапония мен Испанияда жұмыс орнында ұйықтауға жағдай жасалған.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.