6 ақпан күні Бейнеу-Сайөтес тасжолында Toyota Camry көлігі «Камаз» жүк көлігімен соқтығысқан, – деп хабарлайды Aikyn.kz Lada.kz порталына сілтеме жасап.
Соқтығыс салдарынан көлікте болған төрт жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Түрлі дене жарақатын алған Toyota Camry көлігінің жүргізушісі Бейнеу аудандық ауруханасына жеткізіліп, оған медициналық көмек көрсетілді. «Камаз» жүргізушісі жарақат алмағандықтан медициналық көмекті қажет етпеді.
Оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы (Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу) бойынша іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүріп жатыр.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.