Әнші Жазира Байырбекова жұбайы Жанболат Ербатыровтың қаталдығы туралы сыр шертті, – деп хабарлайды Aikyn.kz Alash.kz ұлттық порталына сілтеме жасап.
«Шынында да, басында Жанболат маған: «Мына киімді ки, мына киімді киме» деп, 45 жасқа дейін өте қатал болды. Күйеуімнің айтқанын орындап, онымен ерегеспей, отбасының тыныштығын сақтап жүргенімнің арқасында Алла маған бақ берді деп ойлаймын.
Енді-енді осы жастан бастап Жанболат: «Сен мынадай ән айтсаңшы, мына жаққа барып қайтпадың ба? Ұйықтап алмадың ба?»деп, менің жағдайымды жасай бастады. Жасым ұлғайған сайын мені сыйлай бастады», – деді Жазира Байырбекова Жетінші арнаның «Жарқыраған жұлдыз» бағдарламасына берген сұхбатында.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.