Ақтоғай ауданында қар қалың түсіп, автокөліктердің жүруі қиындаған.
Қарағанды облысында ТЖМ құтқарушылары 2 адамды ауруханаға жеткізді
ТЖМ
799
оқылды

Қарағанды облысында ТЖМ құтқарушылары 2 адамды ауруханаға жеткізді, – деп хабарлайды Аikyn.kz

ТЖМ мәліметінше, Ақтоғай ауданы Ортадересі ауылдық округі «Нартауекел» қыстағы жолында қар қалың түсіп, автокөліктердің жүруі қиындаған. ТЖМ құтқарушылары көмек қажет екен 2 адамды Балқаш қаласының ауруханасына жеткізді.

Құтқарушылар және ҚР ТЖМ АМО бригадасы оқиға орнына жедел келіп, қиын жағдайда қалғандарды қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз ете отырып, қажетті көмек көрсетті.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз