Алматыда жолаушылар автобусын ұрлап кетті, – деп хабарлайды Аikyn.kz сайты inbusiness.kz сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіде түн ортасында қаланың Түрксіб ауданында жолаушылар автобусын айдап кеткені туралы видео тарап жатыр.
Алматы қалалық Полиция департаментінен мәлім еткендей, ұрлық дерегі бойынша Түрксіб аудандық Полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады.
Күдікті "ізін суытпай" ұсталды. Басқа мән-жайлар анықталып жатыр, – деп түсіндірді ведомстводан.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз