Айыпталушылар сотталушының жұбайынан үкімді жеңілдету үшін пара алып, кейін оны алдап кеткен.
Шымкентте 110 миллион теңге пара алмақшы болған судья сотталды
Шымкент қалалық соты
6,302
оқылды

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында бұрынғы судья Жанат Мүсірәлі, адвокат Мұрат Джахаев және Айдар Алтаевқа қатысты алаяқтық ісі қаралды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Олар сотталушының жұбайынан үкімді жеңілдету үшін 110 миллион теңге көлемінде пара алуға әрекеттенген деп айыпталды. Іс материалдарына сәйкес, Алтаев досының әйеліне жазаны жеңілдетуге көмектесуге уәде берген, ал адвокат Джахаев бұл мәселе бойынша судья Мүсірәліге жүгінген. Нәтижесінде, олар жәбірленушіні алдап, оның ақшасын иемденген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұл істі тергеп, 2024 жылдың 5 желтоқсанында Бас прокуратураға жолдады. Сот үкімі бойынша, Мүсірәлі өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылып, 7,5 жылға бас бостандығынан айырылды; Джахаев 7 жылға адвокаттық қызметпен айналысу құқығынан айырылып, 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды; Алтаев 5 жылға бас бостандығынан айырылды. 

Үкім заңды күшіне енген жоқ.