Жоба өңірдің индустриялық әлеуетін арттырып, теміржол инфрақұрылымын дамытуға серпін береді.
Рельс дәнекерлейтін кәсіпорын ашылады
istockphoto.com
910
оқылды

Ақтөбеде рельс дәнекерлейтін жаңа кәсіпорынның құрылысы қолға алынды, - деп хабарлайды Aikyn.kz Ақтөбе облысының әкімдігіне сілтеме жасап.

Ірі инвестициялық жоба 2026 жылы іске қосылады. 

«ПЗТМ LTD» ЖШС Қызғалдақты станциясында рельс дәнекерлеу кәсіпорны салынады. Өңір билігі онда жылына 825 км рельс өндіруді жоспарлап отыр. Жобаның жалпы құны – 21,4 млрд теңге, нәтижесінде 250 жаңа жұмыс орны ашылады.

«Жоба аясында инвесторлар мен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы арасында дайын өнімді жеткізу бойынша оффтейк келісімшарты бекітілген. Қазіргі таңда қажетті жабдықтарды жеткізу және орнату жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Кәсіпорын 2026 жылы толық іске қосылады. Бұл жоба өңірдің индустриялық әлеуетін арттырып, теміржол инфрақұрылымын дамытуға серпін береді», - деп хабарлайды әкімдік.

Сондай-ақ кәсіпорын жаңа жұмыс орындарының ашылуына, аймаққа инвестиция тартуға және өндірістің заманауи технологиялармен жабдықталуына ықпал етеді деп күтіледі. Жобаның жүзеге асырылуы теміржол көлігінің тиімділігін арттырып, Қазақстанның логистикалық мүмкіндіктерін кеңейтеді деп болжануда.

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.