«AMANAT» партиясының облыстық филиалы жанындағы экономика, кәсіпкерлік және аграрлық сектор мәселелері жөніндегі өңірлік кеңес мүшелері Өскемен қаласындағы «Эмиль» балмұздақ фабрикасына барды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бүгінгі күні фабрикада 200-ден астам жаңа жұмыс орны құрылып, ең заманауи жабдықтар орнатылған. Кәсіпорынның тәтті өнімдері халықаралық деңгейдегі қатаң тексеруден өтіп, «Халал» және басқа халықаралық сапа сертификаттарын алған.
Фабрикада әлемдік брендтердің рецептілері бойынша балмұздақтың бірнеше түрі өндіріледі. Өнімдер ересектер мен балалардың талғамына сай дайындалады және республика көлемінде үлкен сұранысқа ие. Кәсіпорын жыл сайын өнімнің жаңа түрлерін шығарып, ассортименті мен көлемін ұлғайтып жатыр. Биыл да наурыз айынан бастап балмұздақтың жаңа түрлерін шығаруды жоспарлап отыр. Кәсіпорында өз ісіне берілген жас мамандар баршылық және жаңа жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндігі де жоғары.
«Нысанның құрылыс жұмыстары аяқталғанға дейін депутаттар мен қоғамдық кеңес мүшелері құрылыстың сапалы жүргізілуіне және уақытылы аяқталуына тұрақты түрде бақылау жасап отырды. Бұл - еліміздегі жұмыс процестері толық автоматтандырылған санаулы фабрикалардың бірі. Тұрғындар үшін сапалы қызмет көрсететін заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған бірден-бір кәсіпорын», - дейді «AMANAT» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Аманбай Нұркенов.
Айта кетерлігі, фабрика «AMANAT» партиясының «Халықпен бірге» сайлауалды бағдарламасын іске асыруға арналған Жол картасының тармақтарын орындау аясында салынған.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.