Актриса сауап алуға қатысты пікір білдірді.
«Сауаптың көкесі мынада...»: Жұлдыз Әбдікәрімова оқырманды ойландырып қойды
Фото: instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial
897
оқылды

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова жұма күні сауап алуға қатысты өз ойын айтты, – деп жазды Aikyn.kz. 

Актриса отбасыңа бөлген уақыт пен көңілден асқан сауап жоқ деп есептейді.

«Жұма күні мешіттер лық толып, жамағатпен оқылатын намаздың сауабынан құр қалмауға тырысатыныңыз түсінікті. Алайда, сауаптың көкесі мынада. Кешке жұмыс біте сала үйіңізге, отбасыңызға асығыңызшы. Барлық шаруа күте тұрсын. Жұмадағы кешкі асты үйден ішіңіз. Жолдан торт немесе балалардың жақсы көретін тәттісін ала барыңыз. Ештеңеге, ешкімге қабақ шытпай, үлкенге де, кішіге де махаббатпен қараңыз. Отбасыңа бөлген уақыт пен көңілден асқан сауап жоқ шығар. Өзім сауаптың көкесі осы деп білемін», — деп жазды ол.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.