Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Мемлекет басшысы Иран президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Фото: Ақорда
1,090
оқылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Масуд Пезешкиан мен Иран халқын Ислам Революциясы күнімен құттықтады, –  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жеделхатта Қазақстан Президенті Иранның Таяу Шығыс өңірі мен ислам әлеміндегі іргесі берік, беделді мемлекет екенін атап өтті.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жылдан-жылға нығайып келе жатқанына ризашылық білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Масуд Пезешкианның жауапты қызметіне табыс, ал Иран халқына өркендеу мен құт-береке тіледі.