Семей тұрғыны колония аумағына 3,5 литр спиртті бөтелкеге салып лақтырмақ болды. Бұл туралы Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Бейнебақылау бөлімінің қызметкерлері 58 жастағы Семей қаласының тұрғынын байқап қалған. Оны Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті №19 мекемесінің қызметкерлері оқиға орнында ұстады. Ер адам әр ыдыста 0,5 литр спирті бар жеті пластик бөтелкелерді колонияның ескерту және негізгі қоршауынан асырып, ішке қарай лақтырмақ болған.
«Семей қаласының тұрғыны өзіне бейтаныс адам осы заттарды ақшалай сыйақы үшін лақтыруды сұрағанын мойындады. Қазіргі уақытта тұрғынға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды, – деді мекеменің тәртіп бөлімі тексеру тобының жедел уәкілі Кенжебек Нұрсейітов.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.