Республика аумағында көшкін қаупі бар 619 учаске бар. Шығыс Қазақстан, Алматы, Түркістан және Жетісу облыстарының аумақтарындағы Қазақстан Алтай, Іле, Жетісу, Талас Алатауы мен Қаратау жоталарының беткейлері аса қауіпті аудандар болып саналады. Бұл туралы Aikyn.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды. Қыс пен көктемнің басында көшкін қаупі басым.
Бүгінде оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлердегі қар көшкіні ортаңғы таулы аймақтарда орташа қар көшкіні қаупі бар. Ал биік тауларда қар көшкіні үнемі қауіпті болады.
Мамандардың болжауынша, 2025 жылы бұл өңірлерде көшкін белсенділігі ақпан-сәуір айлары аралығында артуы мүмкін. Бұл кезде көшкіннің өздігінен түсуі жиі кездеседі. Ауа температурасының күрт ауытқуы, қалың қар жаууы және қарлы боран болуы мүмкін биік таулы аймақтарға қатысты, бұл көшкін қаупінің артуына ықпал етуі мүмкін.
Қар көшкіні қаупі бар кезеңнің басынан бастап жабық, жетуі қиын жерлерде өздігінен түскен 24 қар көшкіні тіркелді. Қауіпсіздік үшін 58 рет қолдан қар көшкінін жасап, жалпы көлемі шамамен 42 мың текше метр қарды төменге түсірді.
Мамандар қар көшкінін тудырмау үшін тауға барудан бас тартуға кеңес береді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.