14 наурызда сағат 13.30-да Қапшағай қаласындағы металл сынықтарын қабылдау пунктінде жарылыс болды, деп хабарлайды @zhestkaz Telegram арнасы.
Арна жазылушысының берген ақпараты бойынша , жарылыс тапсырылған металл арасындағы снарядтардың бірінің детонациясы нәтижесінде орын алған .
1996 жылы туған ҚР азаматы Мұзаффар Ілиясұлы Бағиров қайтыс болды . Ол жерде металл қабылдаушы болып жұмыс істеді.
Металлды кеше өткізген. Тапсырған адамдар анықталды. Арнайы тергеу тобы оқиға орнына шықты.
https://www.youtube.com/watch?v=68Wd2JVJEEs&feature=emb_logo