Соңғы жыл ішінде 8 000-нан астам есірткі қылмысы анықталды, олардың арасында қылмыскерлердің бейтаныс адамдарға, әсіресе қыздардың сусындарына есірткі заттарын қосу жағдайлары жиі кездеседі. Елорданың Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы осылай деп ескерту жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Мамандар бойжеткендерге өзін және жақындарын қорғау үшін арнайы есірткі заттарын анықтайтын тест-жолақтарын бірге алып жүруді ерекше қозғап өтті.
Айта кетейік, мұндай жолақтар дәріханаларда қолжетімді, кішкентай, көп орын алмайды және ең бастысы, бір минут ішінде қауіпті заттардың бар-жоғын анықтауға көмектеседі.
Бұл – қылмыстың алдын алудың және өз қауіпсіздігіңізді қамтамасыз етудің қарапайым, бірақ тиімді тәсілі.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.