Өткен жылы елімізде 190 213 ұлдар, 178 457 қыздар дүниеге келген, туудың ең жоғары деңгейі Түркістан, Маңғыстау облыстарында және Шымкент қаласында тіркелген.
Елімізде туудың ең жоғары деңгейі қай өңірде тіркелген?
920
оқылды
Ұлттық статистика бюросы 2024 жылғы қаңтар-желтоқсандағы демографиялық жағдай туралы мәлімдеді, – деп хабарлайды  Aikyn.kz .

2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша, халық саны 20 286 084 адамды құрады, оның ішінде қала тұрғындары – 12 774 743, ауыл тұрғындары – 7 511 341 адам. Халықтың саны бір жылда 252 242 адамға өскен, оның ішінде табиғи өсім есебінен 235 078 адамға, көші-қон есебінен – 17 164 адам.

12 ай ішінде 368 670 сәби дүниеге келген, оның ішінде ұлдар – 190 213, қыздар – 178 457. Туудың ең жоғары деңгейі Түркістан (1000 тұрғынға 25,05 адам), Маңғыстау (24,47) облыстарында және Шымкент қаласында (23,68) байқалды.

Аталған уақыт ішінде 133 592 адам қайтыс болған. Өлім-жітімнің ең жоғары деңгейі Солтүстік Қазақстан (1 000 тұрғынға шаққанда 11,57), Шығыс Қазақстан (11,29) және Қостанай (10,18) облыстарында байқалған, бұл осы аймақтардағы халықтың жас құрылымына байланысты.

Сондай-ақ былтырғы жылдың ішінде алдын ала мәлімет бойынша, 123 651 неке тіркеліп,  40 647 ажырасу тіркелген.

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.