Астанада жаға ұстатар жағдай болды.
Астанада лифт ішінде жасөспірім бес жасар баланы пышақтады
Фото: видеодан кадр
1,692
оқылды

Көпқабатты үйлердің бірінде 14 жастағы жасөспірім қолындағы пышақпен лифтіде тұрған 5 жасар балаға шабуылдап, бетін тілгілеп тастаған, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Астана қалалық Полиция департаменті бұл деректі растады.

«Оқиғаны тергеу барысында психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған жасөспірім анықталды. Оның заңды өкілдері полицияға шақырылды. Олар тәлім-тәрбие беру міндеттемелерін дұрыс орындамағаны үшін заңнамаға сәйкес қатаң жауапкершілікке тартылады», – деп атап өтті ведомстводан.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Шабуыл жасаған жасөспірім қажетті тергеу амалдары жүргізілгеннен кейін белгіленген тәртіппен оқшауланады.

Қалалық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, баланың жағдайы ауыр. Бетінен, бірнеше жерден жарақат алған баланы жедел-медициналық жәрдем бригадасы №2 Көпбейінді қалалық балалар ауруханасына жеткізді. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.