«ҚазАвтоЖол» екі облыста көлік қоғалысы шектелгенін мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
2025 жылғы 11 ақпан сағат 19:00-де ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық автожолдарда көліктердің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды:
Абай облысы:
– “Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы” автожолының 971-1013 шақырым аралығындағы учаскесінде (Қалбатау ауылынан ШҚО шекарасына дейін).
ШҚО:
– “Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы” автожолының 1013-1048 шақырым аралығындағы учаскесі (Абай облысының шекарасынан Ұлан ауылына дейін).
Жолды 12 ақпанда сағат 07:00-де ашу жоспарланған.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.