Желі қолданушылары әншінің Instagram парақшасында жақында оның босанып, ана атанғаны туралы жарыса жазып, құттықтап жатыр.
«Бөпеңіздің бауы берік болсын!»: желіде Кәмшат Жолдыбаеваны құттықтап жатыр
Фото: instagram.com/kamshat__zholdybayeva
12,871
оқылды

Желіде әнші, актриса Кәмшат Жолдыбаеваның босанып, ана атанғаны туралы ақпарат тарады, – деп жазды Aikyn.kz.

Әнші тұрмысқа шыққаннан кейін сахнадан көрінбей кеткен болатын. Өнер иесі бүгінде психология саласына бет бұрған көрінеді. 

Желі қолданушылары әншінің Instagram парақшасында жақында оның босанып, ана атанғаны туралы жарыса жазып, құттықтап жатыр.

«Мен де естідім, біздің Ақтөбеде енесімен тұрып жатыр, аяғы ауыр деп. Босанған шығар», «Босанды, қазір қырқынан шықты», «Бөпеңіздің бауы берік болсын!», – деп жазды желі қолданушылары.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.