5 адам мінген екі жеңіл көлік жолда қалып қойған. 
Шығыс Қазақстанда қар құрсауынан 5 адам құтқарылды
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
367
оқылды

Шығыс Қазақстан облысында қар құрсауынан 5 адам құтқарылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

ТЖМ мәліметінше, Ұлан ауданында Борсақ ауылынан 5 шақырым қашықтықта жолдың жабық учаскесінде 5 адам мінген екі жеңіл көлік жолда қалып қойған. 

– ТЖМ құтқарушылары адамдарды Өскемен қаласына эвакуациялады. Олар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.

ТЖМ ауа райы туралы ескертуге назар аударуды және ауа райы нашарлаған жағдайда елді мекеннен тысқары шығудан аулақ болуды ұсынады!, – делінген хабарламада. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.