Шымкент қаласы прокуратурасының үйлестіруімен Полиция департаментінің жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде адам өлтіру фактісі бойынша халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Шымкент қалалық прокуратурасының мәліметінше, 2009 жылғы 9 қаңтарда "Астория" кафесінің жанында А. есімді азамат атыс қаруын қолдану арқылы аса ауыр қылмысты жасап, тергеуден жасырынған.
- Қылмыскер 16 жылдан астам уақыт бойы халықаралық іздеуде болған, - делінген ақпаратта.
Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.