Бұған дейін шаңғы жарысынан әйелдер құрамасы эстафетада күміс жүлдегер атанған болатын.
Азиада-2025: шаңғы жарысы бойынша ел қоржынына тағы бір медаль түсті
Фото: ҰОК
2,359
оқылды

Қазақстандық шаңғышылар Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ерлер құрамасы 4х7,5 шақырымдық эстафетада үшінші нәтиже көрсетті. Ел қоржынына бұл медальді Константин Борцов, Наиль Башмаков, Олжас Климин және Владислав Ковалев салды.

Бірінші орынды Қытай құрамасы иеленсе, күміс жүлде Жапония спортшыларына бұйырды.

Айта кетейік, бұған дейін әйелдер құрамасы эстафетада күміс жүлдегер атанғанын хабарлаған едік.