Алматыдағы қоқыс өңдейтін кәсіпорын аумағынан қоқысты сұрыптау кезінде әйел адамның бөлшектелген мәйіті табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Алдын ала мәліметке сәйкес, ер мен әйел 9 ақпан күні жалдамалы пәтерде ішімдік ішкен. Кейін араларында жанжал туған. Содан соң ер адам әйелді пышақтап, кейін мәйітін бөлшектеп, қоқыс жәшігіне тастаған.
Түрксіб ауданының Полиция басқармасы қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
"Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алдын ала дерек бойынша ер адам жанжал кезінде өзімен бірге тұратын әйел адамды өлтірген. Басқа мән-жайлар анықталып жатыр", – деді полиция.