Қазақстандағы туризмге салынған инвестиция көлемі 20,3%-ға артты.
Туризм саласына инвестиция тарту бойынша қай облыс алда тұр?
Фото: istockphoto.com
567
оқылды

Өткен 2024 жылы елімізде туризм саласындағы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 947,5 млрд теңгені құрады, – деп хабарлайды  Aikyn.kz Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 20,3%-ға көп (787,3 млрд теңге). 2022 жылы бұл көрсеткіш 513 млрд теңгені құраған.

Инвестициялар өсімі 15 өңірде байқалды, ең жоғары көрсеткіштер тіркелген өңірлер:

Батыс Қазақстан облысы – 196,2%-ға өсті (26 млрд тг);
Ұлытау облысы – 84,2%-ға өсті (4,7 млрд тг);
Қызылорда облысы – 63%-ға өсті (33,7 млрд тг);
Түркістан облысы – 45,6%-ға өсті (81,2 млрд тг);
Атырау облысы – 31,3%-ға өсті (23,5 млрд тг).

Бұл деректер өңірлердегі туристік инфрақұрылымның қарқынды дамып жатқанын және инвестициялық тартымдылықтың артып келе жатқанын көрсетеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.