Оның Қазақстанға сапары 6 сәуірге жоспарланған.
Танымал кореялық EXO тобының әншісі Қазақстанға келеді
Фото: instagram.com
1,108
оқылды

Оңтүстіккореялық танымал EXO тобының әншісі Чен Алматыда отандық JAZI оркестрімен бір сахнада өнер көрсетпек, деп хабарлайды Aikyn.kz

«Мен 6 сәуір күні өздеріңізбен кездесу үшін Қазақстанға келемін. Бұл менің бірінші сапарым болғандықтан, біраз қобалжу бар. Мен үшін Қазақстанға келу – үлкен мәртебе әрі маңызды оқиға. Осы концертте JAZI оркестрімен коллабарация нәтижесін көре аласыздар. Бар өнерімізді паш етуге тырысамыз, сондықтан 6 сәуір күні жүздесеміз деген үміттемін. Көріскенше!» – деді айдол.