Енді қалада 14 санаттағы азаматтарға қоғамдық көліктерде тегін жүруге болады.
Шымкентте белгілі санаттағы азаматтарға қоғамдық көліктерде тегін жүруге болады
321
оқылды

Шымкент қаласы әкімдігінің қаулысымен 14 санаттағы азаматтарға қоғамдық көліктерде тегін жүру құқығы берілді, – деп хабарлайды  Aikyn.kz  қалалық әкімдікке сілтеме жасап. Ол үшін бұл жолаушылар көлік карталарын алып жүру қажет. Осыған байланысты Абай, Тұран аудандары әкімдіктерінде және Avtobys жүйе кеңсесінде көлік карталары сатылуда. Карта бағасы – 550 теңге. Тегін жүретін қала тұрғындары «Avtobys» жүйесінің жаңа карталарын 5-10 минутта оңай ала алады.

Сонымен қатар, жүйенің операторы әлеуметтік картаны сатып алмай, барлық жеңілдік санаттары үшін тегін виртуалды тарифке қосылу мүмкіндігін ұсынады.
І және ІІ топтағы мүмкіндігі шектеулі әлеуметтік мәртебесі бар тұлғаларға көлік карталары тегін беріледі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.