Жолды 13 ақпан сағат 07:00-де ашу жоспарланған.
Ауа райы бұзылды: 2 облыста жол жабылды
Фото: istockphoto.com
1,338
оқылды

ҚазАвтоЖол екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

2025 жылғы 12 ақпан сағат 19:00-де ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық автожолдарда көліктердің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады: 

Абай облысы: 

- “Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы” автожолының 971-1013 шақырым аралығындағы учаскесінде (Қалбатау ауылынан ШҚО шекарасына дейін). 

ШҚО: 

- “Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы” автожолының 1013-1048 шақырым аралығындағы учаскесі (Абай облысының шекарасынан Ұлан ауылына дейін). 

Жолды 13 ақпан сағат 07:00-де ашу жоспарланған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.