Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі студент жастардың қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық пен гуманизм құндылықтарын қалыптастыруға және дамытуға арналған ашық дәрістер циклін бастады.
Волонтерлік тақырыбында дәріс оқылды
167
оқылды

Осы бастама аясында еліміздің жоғары оқу орындарында қайырымдылық және волонтерлік ұйымдардың басшылары дәріс оқиды. Олар өз тәжірибелерін бөлісіп, волонтерлік істің маңызы туралы әңгімелейді. Дәріс Астанада басталып, оқу жылының соңына дейін еліміздің барлық өңірлерін қамтиды.

– Интернетті ашсақ, көптеген негативті ақпаратты көреміз. Балалар төбелесіп жатады, қатігездікке барады. Бірақ осындай іс-шаралар балалардың бойына мейірім­ділікті сіңіруге үлес қосады. Жалпы, елімізде волонтерлыққа үлес қосқысы келетін жастар көп. Жылдан жылға саны артып келеді, – дейді «Жасұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының атқарушы директоры Ақнұр Тұрдалиева.

Айта кету керек, Қазақстанда 755 волонтерлік ұйым, 2 мың бастамашыл топ және 275 мың белсенді волонтер жұмыс істейді. Олардың ішінде 3,5 мың «күміс» волонтер, яғни 55 жастан асқан ерікті бар. Былтыр «Игі істер марафоны» жобасы аясында 7 000 игі іс жасалып, оған 50 мыңға жуық адам қатысты.

 Сымбат БАУЫРЖАНҚЫЗЫ