Ол көмекшісі арқылы блогердің отбасына хабарласып, ұрықтандыру клиникасына шақырған.
Ләйлә Сұлтанқызы бала сүйе алмай жүрген блогерге қалай көмектескенін айтты
Фото: instagram.com/sultankyzy
1,173
оқылды

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы бала сүйе алмай жүрген блогер Елдос Кәдірхановқа қалай көмектескенін айтып берді, – деп жазды Aikyn.kz. 

Ол көмекшісі арқылы блогердің отбасына хабарласып, ұрықтандыру клиникасына шақырған. Алайда блогердің әйелі бірден келісе қоймапты. Алайда біраз уақыт өткен соң өзі хабарласып, жолыққысы келетінін айтқан. 

“Әлеуметтік желіден Елдос пен Таңшолпанның сұхбатын көрдім. Жүрегіме жақын алдым. Бүкіл халық болып, сегіз жылдан бері сол отбасына сәби нәсіп етуін тілеп жатырмыз. Ол күн де алыс емес. Бір күні көмекшім арқылы Елдостың жары Таңшолпанға хабарластым. “Біздің қор арқылы клиникаға емделуге болады” деп айттым. Олар да осыған дейін шетелдік ауруханаларының есігін тоздырған екен. Менің сөзімді тыңдаса да, селқос жауап берді. Содан бұл іс аяқсыз қалып кетті. Бір күні маған блогердің келіншегі хабарласып, шынын айтты. “Біз ұяламыз, жұрт мыналар тағы келіпті” деп қолдарымен шұқып көрсетеді. Сол үшін біз тағы да “жоқ” деген жауапты естігіміз келмейді. Бірақ сіздермен байланысқымыз келеді деді. Бірден ұшып келді. Дәрігерлер олардың өтінішімен қызметтік есіктен кіргізіп, басқа пациенттерге көрсетпеуге тырысты. Жоспарланған ота да сәтті өтті. Тіпті, маған сол жаңалықты дәрігер айтқанда, оның көзі жасқа толып тұрды”, – деді тележүргізуші.  

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Ләйлә Сұлтанқызы (@sultankyzy)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.