"Қазгидромет" синоптиктері 13 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Астанада жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, күндіз екпіні - 23-28 м/с.
Ақмола облысында аздаған қар, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, таңертең және күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында 23-28 м/с, облыстың шығысында кей уақыттарда екпіні 30 м/с және одан аса күтіледі.
Абай облысының оңтүстігінде, орталығында қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні - 23-28 м/с.
Павлодар облысында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні - 23-28 м/с.
Қостанай облысының батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының батысында солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың батысында, солтүстігінде 15-20, күндіз екпіні - 23-28 м/с.
Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ күтіледі.
Шымкентте кей уақыттарда жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ күтіледі.
Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.
Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Атырау қаласында 13 ақпан түнде және таңертең тұман күтіледі.
Маңғыстау облысының батысында, орталығында жолдарда көктайғақ күтіледі.
Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында қар, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың таулы аудандарында қар, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні - 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.
Қызылорда облысының оңтүстігінде көктайғақ, облыстың орталығында, солтүстігінде тұман күтіледі.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.