Бұл туралы "ҚазАвтожол" баспасөз қызметі мәлімдеді.
Бірнеше облыста жол қозғалысына шектеу енгізілді
357
оқылды

13 ақпанда ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше өңірде көлік қозғалысына шектеу қойылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Мәселен, таңғы сағат 07.00-ден бастап Ақмола облысында "Астана-Петропавл" автожолының 18-232 шақырым аралығындағы учаскесінде (Астана қ.-Щучинск қ.) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады.

Ал сағат 08.00-ден бастап  "Астана-Ерейментау-Шідерті" 16-200 шақырым, Астана қаласы-Павлодар облысы шекарасына дейінгі жол жабылды.

Сондай-ақ дәл осы уақытта Павлодар облысында "Астана-Ерейментау-Шідерті" 200-254 шақырымы, Ақмола облысы шекарасынан Шідерті кенті облысы шекарасына дейін көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу енгізілді.

Бұл ретте, жолдарды ашу 13 ақпан сағат 17:00-ге жоспарланған.

Сонымен қатар сағат 08:40-тан бастап "Астана-Қарағанды-Алматы" тасжолының бірқатар учаскесі жабылды:

  • 1 291-1 353ш, Жібек Жолы ААП – Ақмола облысы шекарасына дейін;
  • 1 353-1 426 ш, Ақмола облысы шекарасы учаскесі – Теміртау ААП шекарасына дейін.

Бұл жолдарды ашу 2025 жылғы 14 ақпан сағат 08:00-ге жоспарланған.