«AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясы отырысында Батыс Қазақстан облысындағы 2025 жылға су тасқыны кезеңіне дайындалу бойынша партия мүшелерінің жауапкершілігі талқыланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Отырысқа партиялық бақылау комиссиясы мүшелері, «AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы атқарушы хатшысы А.Сафималиев, Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Е.Жалелов, Батыс Қазақстан облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары С.Бегжанов, Орал қаласы әкімдігінің өкілдері және онлайн режимде 12 ауданнан жауапты әкімшілік қызметкерлері, «AMANAT» партиясы жергілікті жердегі филиал төрағалары мен атқарушы хатшылары қатысты.
Жиын барысында Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Е.Жалелов өңірдегі су тасқынына қарсы жоспарлы жүргізіліп жатырған іс-шаралар бағытында баяндама жасады.
«Қазгидромет» РМК алдын ала болжамды мәліметтеріне сәйкес, 2025 жылғы су тасқыны кезеңінде облыстың барлық кіші өзендерінде күтілетін максималды су деңгейі қауіпті деңгейден төмен болжанып отыр. Тек Деркөл өзенінде ғана максималды су деңгейі қауіпті деңгейден асады деп болжануда.
Отырысқа қатысушылар баяндамашыларға тақырыпқа сәйкес сұрақтар қойып, жүйелі жұмыстар жүргізілу үшін ұсыныстар берді.
Жанат ҚАЙЫРҒОЖИНА, Батыс Қазақстан облысы