Астанада боран: құтқарушылар қауіпсіздік ережесі туралы үндеу жасады.
Төтенше жағдайлар департаменті дауылды ескерту жасады
1,205
оқылды

Астана қаласы ТЖД мен «Қазгидромет» РМК деректері бойынша Астана қаласында 13 ақпанда бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с болуы мүмкін. Осыған байланысты елордалық ТЖД қауіпсіздік ережесі туралы үндеу жасады, - деп хабарлайды Aikyn.kz  қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана қаласы ТЖД қатты жел және бұрқасын кезінде жарақат алмау үшін азаматтарға қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады:
- Қыс мезгілінде сақтық шараларын сақтаңыз. Дауылды ескертулерді қадағалау және ауа райы нашарлаған жағдайда алыс жолға шықпау.
- Жеке көлікпен жолға шықпаңыз. Егер қажет болса, қоғамдық көлікті пайдаланыңыз және маршрутыңызды алдын ала жоспарлаңыз.
- Көшеде абай болыңыз. Боран мен жел көруді қиындатуы мүмкін, жолдар тайғақ болады. Жылы киім, тайғақтан қорғайтын аяқкиім киіңіз.
- Жылыту жүйесін тексеріңіз. Үйіңізде жылыту дұрыс жұмыс істейтініне және отын жеткілікті екеніне көз жеткізіңіз.
- Көшеде ұзақ тұрмаңыз – аяз бен жел үсік шалуға себеп болуы мүмкін.

Төтенше жағдайлар кезінде «101» және «112» нөміріне хабарласыңыз.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.